Үш мықтының айтысы

 Ақжарма ауылдық  №9 кітапхана  оқырмандарымен   «Үш мықтының айтысы» атты   интелектуалды ойын айтыс  өткізіліп,  
интернет, теледидар және кітап  сайысқа түсті. Жас оқырмандарды   білімді де білікті  болуға шақыру,  кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапханаға тарту   мақсатындағы шара барысында оқырмандар   үш топқа бөлініп интернет, теледидар, кітаптың  аса қажеттілігі  мен   қоғамдағы  ролі туралы  еркін пікірлесті. Бір топ  интернет –кез келген компьютермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі десе,   екінші топ   теледидар жаһандану нәтижесінде барлық мемлекеттерге тараған  ең қажетті техника түрі дейді, ал үшінші топ  білімнің қайнар бұлағы кітапта деген ойымен бөлісті. Ойларын ортаға  тастап айтысқан үш топ,  заманауи тұлғаны қалыптастыруда  интернет пен  теледидарды тек қана тиімді пайдалана білу,  ақпараттық мәдениетті  қалыптастыру,  ал кітаппен күнделікті дос  болу  аса қажет деген ортақ тұжырымда шараны қорытындылады.
01 шілде 2019 ж. 1 079

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам