«Таза Қазақстан – таза болашақ»
№1 кітапхана «Жазғы кітапхана» жобасы аясында «Таза Қазақстан – таза болашақ» атты экология сағатын өткізді. Іс-шараға №257 орта мектептің «Ауыл-Life» жазғы тынығу лагерінің демалушылары мен тәрбиешілері Ш. Нағметова, С. Кетенова, Д. Баймұрат, Г. Әлжанбаева қатысты.
Іс-шараның мақсаты – жас жеткіншектердің экосанасын дамыту, экологиялық мәдениетті арттыру және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
Табиғат аясында өткен шара барысында әрбір қазақстандықтың күнделікті өмір салтына айналған «Таза Қазақстан» бастамасының мағынасы түсіндіріліп, қоршаған ортаны қорғау, қоқысты сұрыптау, қоқысты кез-келген жерге тастамау, ағын суды босқа ағызбау, энергия үнемдейтін құрылғыларын пайдалану арқылы электр энергиясын үнемдеу жайлы айтылды. Сонымен қатар үй және мектеп ауласын көгалдандыру, ағаш отырғызу, гүл егу, оны күтіп, баптау жайлы кеңестер мен қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен, жанашырлықпен қарау керектігі жайлы ақпарат берілді.







