«Орман құпиялары»
№13 балалар кітапханасы Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицей жанынан құрылған «Ақкөгершін» күндізгі тынығу лагерінің балаларымен «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында «Орман құпиялары» атты қызықты ақпарат сағаты өткізілді. Шараға лагерьдің «Жалын» тобының оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында қоршаған ортаны таза ауамен қамтамасыз етудегі, адамзатқа баспана, азық-түлік, дәрі-дәрмек ұсынудағы маңызы, сондай-ақ табиғи апаттардың алдын алудағы рөлі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар орманда өсетін өсімдіктер мен ағаш түрлері, жануарлар мен аң-құстар әлемі таныстырылды.
Шара аясында ұйымдастырылған «Орман көркі – жапырақ» атты кітап көрмесінде анықтамалықтар, энциклопедиялар және мерзімді басылымдарда жарық көрген орман ғажайыптары туралы қызықты мақалалар оқырмандар назарына ұсынылды.
Шараның мақсаты – кітапхана оқырмандарына орманның табиғат пен адамзат өміріндегі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіндегі маңызды орнын түсіндіру, табиғатты қорғауға және аялауға тәрбиелеу.







