«Пушкин әлемі»
Пушкин атындағы орталық кітапхана Қызылорда облыстық «Славяне» этно мәдени орталығымен бірлесіп, орыс әдеби тілінің негізін қалаушы, ұлы орыс ақыны А.С.Пушкиннің 227 жылдығына орай «Пушкин әлемі» атты әдеби кеш өткізді. Шараның мақсаты – А.С.Пушкиннің өмірі мен шығармашылығын өскелең ұрпаққа насихаттау.
Әдеби кеш барысында ақынның «Анчар», «Ескерткіш орнаттым мен қолдан келмес», «К Чадаеву», «Няне», «Евгений Онегин» поэмасынан үзінді және т.б өлеңдері мәнерімен жатқа оқылып, «Сударушки» вокалдық тобы Александр Пушкиннің өлеңдеріне жазылған әйгілі М. Глинканың «Я помню чудное мгновенье» атты романсын өте әсерлі орындадаы. Кеш шара қатысушыларына көтеріңкі көңіл-күй мен рухани әсер сыйлады.







