«Еріктілер – ізгіліктің елшісі»
2026 жыл – Халықаралық еріктілер жылы аясында №17 кітапхана «Еріктілер – ізгіліктің елшісі» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, ерекше оқырман Айдарбек Аружан Ардаққызының шаңырағына арнайы барды.
Аружанмен болған жылы әңгіме бізге ерекше әсер сыйлады. Оның армандары мен мақсаттары, болашаққа деген сенімі мен жігері көпшілікке үлгі боларлықтай. Осындай кездесулер жүректерді жақындастырып қана қоймай, қоғамдағы жанашырлық пен қамқорлық құндылықтарының маңызын тереңірек ұғындырады.
Кездесу барысында Аружанға рухани қолдау көрсетіліп, оның шығармашылық әлемімен жақынырақ танысу мүмкіндігі туды. Өз қолымен салған суреттері мен бисерден жасаған әсем бұйымдары оның таланты мен өмірге деген құлшынысын айқын көрсетті.
Ізгілікке толы бұл жүздесу жанашырлық пен қамқорлықтың жарқын үлгісіне айналып, еріктіліктің қоғамдағы маңызды рөлін тағы бір
мәрте дәлелдеді.







