«Табиғат тамашалары»
№16 кітапханада «Жазғы кітапхана» жобасы аясында «Табиғат тамашалары» атты танымдық сағаты өтті. Шараға № 136 мектеп-лицейінің «Балдәурен» жазғы лагерінің демалушылары қатысты.
Табиғат – жаратылыстың ғажап туындысы. Табиғатта болып жатқан құбылыстар, түрлі әуенге толы дыбыстар, қызыл-жасылды түзілген ағаштар, көгілдір аспан, мөлдір таза тұнық су, әлемге нұрын шашқан жарық күн – бұның бәрі табиғаттың адам баласына берген тамаша сыйы.
Шара барысында табиғаттың таңғажайыптары, құбылыстары, әр мезгілге қатысты қызықты деректер беріліп, табиғатқа төнетін қатерлер жайлы, табиғатты сақтап қалу жолдары туралы кеңінен айтылды.
Мақсаты – оқырмандардың табиғат туралы танымдарын молайту, ой өрісін кеңейту, туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға баулу.







