«Денсаулық – елдің байлығы»
№12 кітапхана «Денсаулық – елдің байлығы» атты денсаулық сағатын өтті.
Шара барысында балаларға дене және жан саулығына мән беру қажеттігі айтылып, ата-ананың ақыл-кеңесіне құлақ асып, пайдалы әдеттерді қалыптастырудың маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар спорт пен дұрыс тамақтанудың адам ағзасына тигізер пайдасы кеңінен сөз болды.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген халық даналығының мәні терең. Себебі дені сау ұрпақ – елдің жарқын болашағы мен басты байлығы. Шара соңында оқушыларға денсаулық пен спорт тақырыбындағы кітаптар таныстырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.







