» » «Робот – техника заманының талабы»

«Робот – техника заманының талабы»

 №20 кітапханада «Жазғы кітап» жобасы аясында «Робот – техника заманының талабы» атты көрме-хобби болып өтті. Танымдық шараға «Арай» бастауыш мектебінің жазғы тынығу лагерінің тәрбиеленушілері қатысып, ғылым мен технология әлеміне қызықты саяхат жасады.
 Шараның мақсаты – робот техникасы туралы танымдық білім беру, балалардың қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынас жасауына ықпал ету, шынайы өмір мәселелеріне қызығушылығын арттыру және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту. 
 Іс-шара барысында балаларға роботтардың пайда болу тарихы, олардың қоғамдағы орны мен бүгінгі өмірдегі маңызы туралы арнайы дайындалған слайд арқылы кеңінен мәлімет берілді. Балаларды толғандырған маңызды сұрақтардың бірі – «Робот адам орнын толықтай алмастыра ала ма?» Бұл сұраққа жауап іздеу мақсатында балалар жазушысы Ділдар Мамырбаеваның «Роботтар отбасы» атты әңгімесі талқыланды. Әңгіме кейіпкерлерінің іс-әрекеттері арқылы роботтар қаншалықты ақылды әрі еңбекқор болғанымен, адамға тән мейірім, қамқорлық, жанашырлық пен ізгі қасиеттерді ешқашан толықтай алмастыра алмайтыны түсіндірілді. 
10 маусым 2026 ж. 42

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам