«Дені саудың – жаны сау»

 №14 кітапханада «Дені саудың – жаны сау» атты денсаулық сағаты болып өтті.
Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндіру, қоршаған ортаның зиянды әсерлеріне қарсы тұруға баулу, аурулардың алдын алу және таза ауада серуендеудің адам денсаулығына тигізер пайдасын насихаттау болды.
 Шараға Ғани Мұратбаев атындағы спорт мектебінің емдеу ісінің аға медбикесі Әсем Панабекқызы арнайы қатысып, оқырмандармен денсаулық сақтау тақырыбында мазмұнды әңгіме өткізді. Ол әр адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы қажеттігін атап өтіп, тұрақты түрде дене шынықтырумен айналысу, дұрыс тамақтану, жеткілікті уақыт демалып, сапалы ұйқыны сақтау және зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығына тоқталды.
 Шара барысында қатысушылар денсаулықты нығайтуға қатысты құнды мәліметтер мен пайдалы кеңестер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
   
11 маусым 2026 ж. 5

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам