Қасиетті домбыра
№19 кітапхана мен жастар орталығының ұйымдастыруымен 7 шілде –Ұлттық домбыра күніне орай «Қасиетті домбыра» атты тақырыптық кеш өткізілді. Қазақ елінің көнекөз шежіресі, ұлттық кодымыздың айнымас бөлігі – домбыраның қадір-қасиеті мен ұлттық маңыздылығы туралы кеңінен айтылып, шығу тарихы таныстырылды.Өскелең ұрпақ санасына ұлттық өнерімізді, ән мен күйімізді күмбірлеген қоңыр үнді домбырамен жеткізу мақсатындағы шара барысында облыстық филармонияның дәстүрлі әншілері Әділхан Қуаңбаев «Базар жыраудың» термелерін , Әлішер Мырзағалиев халық әндерін орындады.. Кітапхана оқырманы Динар «Кереге уық тапқанмен»атты термені нақышына келтіріп айтып, А.Аружан «Домбыра» атты әнмен шараның сәнін кіргізді. Қазақтың қара домбырасының күмбірлеген үні қайта жаңғыртылған шара өтетартымды өтіп, әсері мол болды.







