«Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ»
№13 балалар кітапханасында «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицей жанындағы «Ақкөгершін» күндізгі тынығу лагерінің тәрбиеленушілерімен «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Шараның мақсаты – жас ұрпақтың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Шара барысында оқушыларға салауатты өмір салтының маңызы, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, таза ауада серуендеу және зиянды әдеттерден аулақ болу туралы кеңінен ақпарат берілді. №4 қалалық емхананың салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы Махмутова Жәмила Ануарбекқызы қатысып, денсаулықты сақтаудың басты кепілі – салауатты өмір салты екенін атап өтті. Қатысушылар сергіту жаттығуларын орындап, тақырыпқа байланысты танымдық мәліметтермен танысты. Сонымен қатар, «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты кітап көрмесі насихатталды.







