«Шебер қолдар сыры»

 №17 кітапханада «Адал Адам» мәдени-тәрбие орталығының «Әлем-BOOK» бағыты аясында «Бисер» үйірмесінің қатысушыларымен «Шебер қолдар сыры» атты шеберлік сабағы  болып өтті.
 Шараның мақсаты – қатысушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, бисермен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру және кітапханаға оқырман тарту.
 Шеберлік сабағында үйірме жетекшісі Абдуллаева Қарлығаш Жарқынбекқызы ұлттық киімдерді бисермен безендірудің қыр-сырын таныстырып, түстер үйлесімін сақтау мен сәндік бұйымдар жасаудың әдіс-тәсілдерін көрсетті. Қатысушылар өз қолдарымен әсем бұйымдар жасап, шығармашылықтарын шыңдады. Іс-шара қызықты әрі танымдық деңгейде өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
11 маусым 2026 ж. 5

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам