«Менің сүйікті кітабым»

 №15 кітапхана №178 орта мектеп жанындағы жазғы тынығу балалар лагерінде «Менің сүйікті кітабым» атты жазғы кітап оқу марафоны ұйымдастырды.
 Шара барысында оқушылар сүйікті кітаптарын оқып, шығарма авторлары мен кейіпкерлері туралы әңгімеледі. Оқыған кітаптарынан алған әсерімен бөлісіп, кітаптың адам өміріндегі маңызы жайында пікір алмасты. «Кейіпкерді тап», «Жасырын сөз», «Дұрыс па, бұрыс па?» атты қызықты ойындар мен танымдық сайыстар ұйымдастырылды. Балалар кітап туралы мақал-мәтелдер айтып, шығармашылық тапсырмаларды белсенді орындады.
 Балалардың белсенділігі мен кітапқа деген қызығушылығы ерекше қуантты. Осындай игі шаралар жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыра түсетіні сөзсіз.
12 маусым 2026 ж. 6

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам