«Кітапханаға саяхат»

 №2 балалар кітапханасында Жазғы кітап бағдарламасы аясында «Кітапханаға саяхат» тақырыбында ашық есік күні болып өтті. Шараға «Жайна Құлыншақ» балабақшасының тәрбиеленушілері қатысып, кітаптың ғажайып әлеміне қызықты саяхат жасады.
 Шараның мақсаты – жас бүлдіршіндерді кітап оқуға баулу, кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
 Іс-шара барысында бүлдіршіндер кітапхананың бөлімдерімен, жұмыс тәртібімен және кітапхана қызметімен танысты. Сондай-ақ кітаптың адам өміріндегі маңызы, оның білім мен тәрбие берудегі рөлі туралы мағлұмат алды. Кітапханашы балаларға түрлі ертегілер мен қызықты балалар әдебиеттерін таныстырып, кітап кейіпкерлері туралы әсерлі әңгімелер айтып берді.
Кішкентай қонақтар кітап сөрелерін қызығушылықпен аралап, түрлі-түсті балалар кітаптарын тамашалады.
 
12 маусым 2026 ж. 4

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам