«Әдебі бөлек Әдібай»
№11 кітапханада қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы, драматург, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әдібай Табылдиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Әдебі бөлек Әдібай» атты дауыстап оқу ұйымдастырды.
Іс-шараға №215 мектеп жанынан құрылған «Балдәурен» жазғы демалыс лагері кешенінің тәрбиеленушілері қатысты.
Шараның мақсаты – Әдібай Табылдиевтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, ана тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру және ақын шығармалары арқылы жас ұрпақты адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Шара барысында оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, жатқа айтты. Қатысушылар қаламгердің балалар әдебиетіне қосқан зор үлесімен танысып, шығармаларының тәрбиелік мәні туралы пікір алмасты. Сонымен қатар ақын шығармаларын дәріптеуге арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды.







