«Еңбекпен келген бақыт»
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада атақты күрішші, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 135 жылдық мерейтойына орай «Еңбекпен келген бақыт» атты танымдық сағат болып өтті.
Шараның мақсаты – Ы.Жақаевтың қажырлы еңбегін насихаттау, жастарды еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу және адал еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Шара барысында Ыбырай Жақаевтың өмір жолы, еңбекқорлығы, ауылшаруашылығын дамытудағы ерен еңбегі мен жеткен жетістіктері туралы кеңінен мәлімет берілді. Сондай-ақ оның қажырлы еңбегі, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасы насихатталды.
Сонымен қатар Ыбырай Жақаевтың «Өмір жолдары», «Менің бақытым», «Дала академигі Ыбырай Жақаев және оның ізбасарлары», М.Ділмұхамедовтың «Ыбырай Жақаев мектебі» атты кітаптары оқырман назарына ұсынылды.
Шара соңында қатысушылыр өз ой-пікірлерімен бөлісіп, еңбек пен табандылықтың адам өміріндегі маңызы туралы пікір алмасты.







