«Халыққа жеткіз күйімді»
№3 кітапханада қазақтың күй өнерінің көрнекті өкілі, ұлы күйші Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл толуына орай «Халыққа жеткіз күйімді» атты өнер сабағы болып өтті.
Шараның мақсаты – Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оның қазақ күй өнерін дамытудағы зор еңбегін дәріптеу және жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген құрметін арттыру.
Іс-шара барысында Құрманғазы Сағырбайұлының талантты шәкірті әрі күйшілік дәстүрдің лайықты жалғастырушысы Дина Нұрпейісованың өмір жолы, шығармашылық мұрасы туралы кеңінен айтылды. Қатысушыларға күйшінің тағылымды ғұмыры мен қазақ музыка өнеріне қосқан өлшеусіз үлесі таныстырылып, күйлері тыңдалды.
Өнер сабағы ұлттық құндылықтарды дәріптеп, күй өнерінің терең сырын ұғынуға мүмкіндік берді.







