Мақтанышым-Нұр-Сұлтан

 №12 кітапханада «Мақтанышым-Нұр-Сұлтан» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар оқуына әдебиеттер, анықтамалықтар мен фото-суреттер ұсынылды. Кітапханашы Жолмырзаева Әсемгүл  Елбасының астананы құру туралы ұлы идеясы мен қаланың жетістіктерін кең көлемде әңгімеледі. Кітап көрмелері бойынша оқырманға астанамыз туралы көп мәлімет жинақталған энциклопедиялықтар мен анықтамалықтар, 3 тілде жазылған сөздіктер, Ш.Шахайдың «Астана-Қазақстанның жүрегі», Елбасының үш тараудан тұратын «Еуразия жүрегінде», С.Түгелдің Астана қаласының қалыптасу тарихын баяндайтын «Астана хикаялары» кітаптары таныстырылып, фото-альбомдар арқылы қаланың көркем келбеті мен сәулетті ғимараттары таныстырылды. Мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар мен қатар оқырмандарға ғаламтор желісі арқылы түрлі дереккөздерден қызғылықты мәліметтер ұсынылды.
01 шілде 2019 ж. 1 097

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам