«Алып күштің иесі»

 №17 кітапханада қазақ халқының даңқты перзенті, тұңғыш кәсіпқой балуан, әлемге әйгілі күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 155 жыл толуына орай «Алып күштің иесі» атты ауызша журнал ұйымдастырды.
 Шараның мақсаты – халқымыздың мақтанышына айналған Қажымұқан атамыздың өнегелі өмір жолын, спорттағы теңдессіз жетістіктерін, қайсар мінезі мен елге деген сүйіспеншілігін насихаттау, жас ұрпаққа үлгі ету және кітапханаға оқырман тарту.
 Іс-шара барысында қатысушылар Қажымұқан Мұңайтпасұлының балалық шағы, күрес өнеріне келуі, халықаралық жарыстардағы жарқын жеңістері және қазақ елінің абыройын асқақтатқан ерліктері туралы мағлұмат алды. Шара аясында кітап көрмесі таныстырылып, оқушылар ұлы балуанға арналған өлеңдер оқып, оның өмірі мен қызметіне қатысты қызықты деректермен бөлісті. 
19 маусым 2026 ж. 66

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам