» » «Нашақорлықтың зияны мен зардаптары»

«Нашақорлықтың зияны мен зардаптары»

 №3 кітапханада 26 маусым - Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай, «Нашақорлықтың зияны мен зардаптары» атты денсаулық сағаты болып өтті.
 Шараның мақсаты - нашақорлықтың адам денсаулығына, психологиялық жай-күйіне және қоғамға тигізетін зияны мен зардаптары туралы жан-жақты түсінік беру, есірткіге тәуелділіктің алдын алу, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстануға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға баулу.
 Іс-шара барысында «Есірткіге жол берме» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып «Апатқа апарар үш індет темекі, арақ, есірткі», У.Жарқынбайдың «Саулық кілті өз қолыңда», В.Н.Ягодинский «Мектеп оқушысына никотин мен алкогольдің зияны туралы», К.Төлеутайұлы «Валеология негіздері», Ә.Өмешұлы «Салауатты өмір-денсаулық кепілі», И.П.Баженов «Денсаулықтың жауы темекі» Г.Блинов «Сау басқа сақина» атты кітаптары қойылып оқырмандарға насихатталды.
26 маусым 2026 ж. 34

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам