«Құқық – қоғамның тірегі»
№5 және №7 кітапханалардың ұйымдастыруымен «Құқық – қоғамның тірегі» атты тәрбие сағаты болып өтті.
Шараның негізгі мақсаты – оқырмандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейту, заңды құрметтеуге және құқық бұзушылықтың алдын алуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатына Қосшыңырау ауылдық округінің заңгер маманы Айбану Нұрланқызы қатысып, заң талаптарын сақтау, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, құқық бұзушылықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі, буллинг пен кибербуллингтің зияны туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында оқырмандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Кездесу соңында заңды құрметтеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтық жауапкершілікті сезіну – әрбір адамның басты міндеті екендігі атап өтілді.







