«Әлемді кітап арқылы танимыз»
№1 кітапханада «Адал адам» мәдени тәрбие беру орталығының тұжырымдамасы бойынша «Әлем ВООК» бағыты аясында «Әлемді кітап арқылы танимыз» атты хабарлама сағаты болып өтті.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің жазғы демалысын тиімді өткізуге ықпал жасау, кітапхана қорына жаңадан түскен әдебиеттерді насихаттау, оқырман мен кітап арасындағы алтын көпірді нығайту, кітап оқу мәдениетін дамыту.
Шара барысында кітапхана қорына жаңадан түскен көркем әдебиеттерге, танымдық, қазақтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін кітаптарға шолу жасалып, оқуға ұсынылды. Сонымен қатар оқырмандар өздерінің соңғы оқыған кітаптарынан алған әсерлі ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.







