«Домбыраның қоңыр үні»
№1 кітапханада Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыраның қоңыр үні» атты өнер сағаты болып өтті.
Іс-шараның мақсаты – қазақтың музыкалық мәдениетін насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу, ұлттық аспап-домбыраның қадір-қасиетін бағалау. Жасөспірімдердің өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Шара барысында домбыраның шығу тарихы кеңінен баяндалып, оның ұлттық мәдениеттегі орны мен маңызы туралы мәлімет берілді. Шараға С.Майқанова атындағы мәдениет Үйінің «Балбырауын» домбыра үйірмесінің жетекшісі А.Жүнісова және өнерпаздары қатысып, Құрманғазының «Балбырауын», Д.Нұрпейісованың «Әсемқоңыр», Ә.Желдібаевтің «Еркесылқым» күйлерін орындады. Домбыраның қоңыр үнімен әрленген мұндай шаралар жас ұрпақтың бойына мәдени мұраға деген құрмет пен рухани құндылықтарды сіңіруде ерекше маңызға ие болады. 








