«Күй шежіре – күй дастан»

 Ұлттық домбыра күніне орай №9 кітапханада «Күй шежіре – күй дастан» атты өнер сағаты болып өтті.
Шараның мақсаты – қазақ халқының сан ғасырлық рухани мұрасын бойына сіңірген қасиетті домбыраның ұлттық өнер мен мәдениеттегі айрықша орнын дәріптеу, күй құдіреті арқылы халқымыздың тарихын, дүниетанымын және асыл құндылықтарын жас ұрпақтың санасына сіңіру.
 Шара барысында күй өнерінің тарихы, күйшілік дәстүрдің ерекшелігімен және оның рухани-тәрбиелік мәнімен танысты. Сонымен қатар қазақтың біртуар күйші-композиторлары – Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы және Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат берілді. №218 мектептің 7 сынып оқушылары Ораз Әлфия мен Жәнібек Аяру Дина Нұрпейісованың «Бұлбұл», Сұлтанбек Самат Құрманғазының «Адай», ал Шүкіров Берік Құрманғазының «Балбырауын» күйлерін жоғары деңгейде орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
 «Күй – халықтың жүрек үні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды. Домбыраның күмбірі мен күйдің құдіреті ұлт рухын асқақтатып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.

 
01 шілде 2026 ж. 24

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам