«Домбыра - асыл мұра»

 №6 кітапхана Ұлттық домбыра күніне орай «Зейнеткерлерге жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұлттық өнерді ұлықтау, домбыраның қадір-қасиетін насихаттау мақсатында
 «Домбыра - асыл мұра» атты мәдени кеш ұйымдастырды.
 Шара барысында А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Күй керуен» домбыра үйірмесінің жетекшісі Қалибекқызы Ләззат пен үйірме оқушылары қазақтың күй өнерінің жауһарлары – «Балбырауын» және «Адай» күйлерін орындап, көрермен ықыласына бөленді.
 Қазанғап атындағы жоғары музыкалық колледжінің дәстүрлі ән бөлімінің 2-курс студенті Темірбай Ағжан «Жиенбайдың жыр бастауы» (Жиенбай жырау) және «Өмір сырлары» (Кете Жүсіп) жыр-термелерін орындап, ұлттық өнердің рухани құндылығын дәріптеді. Шара аясында «Домбыра - асыл мұра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға домбыра өнері, қазақтың күйшілік дәстүрі мен ұлттық мәдениетке қатысты әдебиеттер таныстырылып, кеңінен насихатталды.

01 шілде 2026 ж. 20

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам