» » «Ата Заң – бейбіт өмірдің берекесі»

«Ата Заң – бейбіт өмірдің берекесі»

 Қазақстан Республикасы Конституциясының мәні мен маңызын терең түсіндіру, жаңа Ата Заңның ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында №12 кітапханада «Ата Заң – бейбіт өмірдің берекесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 Іс-шара барысында кітапхана оқырмандары Конституцияның ел өміріндегі маңызы жөнінде пікір алмасып, Мемлекет басшысының Ата Заңның тек құқықтық құжат қана емес, қоғамды біріктіретін басты құндылық екендігі туралы тұжырымдарына тоқталды.  Кітапханашы Назерке Асқарова көрмеге қойылған әдебиеттермен таныстырып, келушілерге Конституцияның қалыптасу тарихы, оның мазмұны, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен мәлімет берді. Көрмеде Ата Заңның даму жолын, елдік мұраттар мен құқықтық қағидаттарды насихаттайтын құнды басылымдар ұсынылды.
 Ата Заң – тәуелсіздігіміздің тұғыры, бірлігіміздің негізі, жарқын болашағымыздың кепілі. 
02 шілде 2026 ж. 16

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам