» » «Домбыра – қазақ елінің көнекөз шежіресі»

«Домбыра – қазақ елінің көнекөз шежіресі»

 Ұлттық домбыра күніне орай №2 балалар кітапханасында «Домбыра – қазақ елінің көнекөз шежіресі» атты кітап көрмесіне шолу болып өтті.
 Шараның мақсаты – жас оқырмандарды ұлттық өнердің қайнар бұлағымен сусындатып, домбыраның тарихи, мәдени және рухани маңызын кеңінен таныстыру, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру.
 Кітап көрмесіне қазақтың күйшілік өнері, домбыра тарихы, халық композиторлары мен әйгілі күйшілердің өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар мен танымдық басылымдар қойылды. Көрме барысында оқырмандарға домбыраның қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен, салт-дәстүрімен және ел тарихымен біте қайнасқан қасиетті мұра екендігі туралы мазмұнды мағлұмат берілді. Домбыра үнінің халқымыздың рухани болмысын айшықтайтын құдіретті күш екендігі кеңінен әңгімеленді. 
02 шілде 2026 ж. 16

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам