«Заң арқылы – ұлттың өркендеуі»
№20 кітапханада «Заң арқылы – ұлттың өркендеуі» атты ақпараттық сағаты болып өтті.
Шараның мақсаты – оқырмандарды Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың маңызымен таныстыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға және азаматтық жауапкершілікті сезінуге баулу.
Шара барысында Конституцияға енгізілген өзгерістердің елдегі демократиялық қағидаттарды нығайтуға, адам құқықтарын қорғауды күшейтуге және «Заң мен Тәртіп» қағидатын қалыптастырудағы рөлі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, қатысушылар құқықтық мәдениеттің қоғамдағы маңызы жөнінде пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.







