«Астана – ел жүрегі, тәуелсіздік тірегі»
№12 кітапханада «Zhazgy Time» жазғы тынығу лагерінің жас бүлдіршіндерімен «Астана – ел жүрегі, тәуелсіздік тірегі» атты танымдық сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты – жас оқырмандарды еліміздің бас қаласы Астананың қалыптасу тарихымен таныстырып, олардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, елорда жетістіктерін насихаттау.
Шара барысында Астананың тәуелсіз Қазақстанның символына айналу жолы, оның ел бірлігі мен ұлттық құндылықтарды ұлықтаудағы маңызы туралы әңгімеленді. Сонымен қатар, Елорданың сәулетті келбетін айшықтайтын қоғамдық-саяси және мәдени нысандар, бірегей архитектуралық ғимараттар кітаптар мен танымдық басылымдар арқылы жас оқырмандарға таныстырылды.
Шара аясында ұйымдастырылған «Астана – ел жүрегі, тәуелсіздік тірегі» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, елорда тарихы мен дамуы туралы әдебиеттер оқуға ұсынылды.







