«Есіл жағасындағы - Елорда»
№1 кітапханада 6 шілде – Астана күніне орай «Есіл жағасындағы - Елорда» атты библиогид болып өтті.
Іс-шараның мақсаты – Елордамыздың даму жолдары мен тарихи кезеңдерін баяндау арқылы оқырмандарға Астана қаласы туралы әдебиеттерді насихаттау, Астана қаласының сәулеттік ерекшелігі мен көрікті орындары жайлы білімдерін жетілдіру.
Шара барысында оқырмандар назарына 28 жылдық тарихы бар еңселі Елордамыз, арайлы Астанамыз жайында құнды деректер айтылып, ел Астанасының құрылуы мен дамуы туралы қызықты мәліметтер таныстырылды. «Елімнің жүрегі Астана» атты кітап көрмесі жасақталып, Астана туралы фотоальбомдар, елорданың өткені мен бүгінінен сыр шертетін туындылар, Астананың қазіргі келбетін баяндайтын әдебиеттерге шолу жасалды. Оқырмандар Елорданың әсем ғимараттары мен көрікті жерлері жайлы өз пікірлерін ортаға салып, әсерлерімен ой бөлісті.







