«Ата Заң – тәуелсіздік тірегі»
№18 кітапханада Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын насихаттау мақсатында «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» атты ақпараттық сағаты өтті. Іс-шараға «Нұрбесік» балабақшасының қызметкерлері қатысты.
Шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі қағидаттары мен енгізілген өзгерістерін түсіндіру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Шара барысында жаңа Конституцияның егемендік пен тәуелсіздікті нығайтудағы, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы, қоғамдық бірлікті сақтаудағы және халықтың әл-ауқатын арттырудағы маңызы жан-жақты сөз болды. Сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны сақтау, білім мен тәрбие құндылықтарын дәріптеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында қарастырылған жаңашыл бастамалар туралы ақпарат берілді.
Қатысушылар Конституцияға енгізілген толықтырулар мен өзгерістермен танысып, әрбір азаматтың өз құқықтары мен міндеттерін білуінің маңыздылығы жөнінде пікір алмасты. Заң талаптарын құрметтеу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.







