«Ата Заң – бейбіт өмірдің берекесі»
№4 кітапхана Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын насихаттау мақсатында «Ата Заң – бейбіт өмірдің берекесі» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Көрмеде Қазақстан Республикасының Конституциясы, еліміздің конституциялық даму тарихы, заң үстемдігі, адам құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы туралы кітаптар мен танымдық материалдар ұсынылды.
Ата Заң – тәуелсіздігіміздің тұғыры, құқықтарымыз бен бостандықтарымыздың кепілі. Осындай тағылымды шаралар арқылы оқырмандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға құрмет сезімін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.







