«Жаңа Конституция – жаңа бағдар»

 А.С. Пушкин атындағы орталық кітапханада Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына арналған «Жаңа Конституция – жаңа бағдар» атты кездесу кеші өтті.
 Шараның мақсаты – ҚР Конституциясының қоғамдағы маңызын кеңінен насихаттау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлін түсіндіру.
 Кездесу барысында қатысушылар Конституцияның негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде пікір алмасып, заң үстемдігі мен азаматтық жауапкершілік мәселелерін талқылады. Оқырмандар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, мазмұнды сұхбатқа қатысты.
 Шара соңында кітапхана қорындағы Конституция, құқықтық тәрбие және мемлекеттік даму тақырыбындағы әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалып, қатысушылар кітап оқуға шақырылды.
03 шілде 2026 ж. 29

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам