«Өнер саңлағы – Ермек Серкебаев»

 А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Өнер еліне саяхат» циклі аясында қазақтың көрнекті опера әншісі, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Ермек Бекмұхамедұлы  Серкебаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Өнер саңлағы – Ермек Серкебаев» атты көрмеге библиографиялық шолу өткізілді.
 Іс-шара барысында оқырмандарға ұлы өнер қайраткерінің өмір жолы, шығармашылық мұрасы, қазақ опера өнерінің дамуына қосқан үлесі туралы жан-жақты мәлімет берілді. Көрмеге әншінің өмірі мен шығармашылығына арналған  кітаптар, мерзімді басылымдар, естеліктер мен фотоматериалдар қойылды. 
 Көрменің мақсаты - Ермек Серкебаевтың бай шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық өнерге деген құрметті арттыру, жас ұрпақтың рухани – эстетикалық тәрбиесіне ықпал ету және қазақ мәдениетінің көрнекті тұлғаларының еңбектерін  дәріптеу. 

07 шілде 2026 ж. 28

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам