«Менің сүйікті кітабым»

 «Жазғы кітап» жобасы аясында №12 кітапхана мен «Балдәурен» күндізгі тынығу лагері оқушыларының қатысуымен «Менің сүйікті кітабым» атты кітап оқу марафоны өтті.
 Іс-шараның мақсаты – жас оқырмандардың жазғы демалысын тиімді өткізуге ықпал ету, кітап оқу арқылы адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеу, таным көкжиектерін кеңейтіп, ой-өрістерін дамыту.
 Шара барысында балалар өздері оқыған Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа», Е.Сейдахметтің «Жалқау құмырсқа», С.Хасанның «Күшті бала», Ж.Шағатайдың «Бірінші сыныптың баласы», сондай-ақ «Қазақ халық ертегілері» мен «Күн астындағы Күнікей қыз» кітаптары туралы әсерлерімен бөлісіп, пікір алмасты.
 Сонымен қатар жас оқырмандар достарымен кітап алмасып, жазғы демалыста кітап оқудың қызықты әрі пайдалы екенін атап өтті. Балалар жазушыларының шығармашылығына арналған әдеби ойындарға қатысып, викториналық сұрақтарға белсенді жауап берді.
07 шілде 2026 ж. 19

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам