«Дарынды бала әлемі»
№16 кітапханада «Дарынды бала әлемі» кітабы бойынша дауыстап оқу болып өтті.
Шараның мақсаты – жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту, көркем әдебиетті насихаттау және талантты балалардың туындылары арқылы ізденімпаздыққа, білімге құштарлыққа баулу.
Шара барысында қатысушылар «Дарынды бала әлемі» жинағынан өлеңдер, әңгімелер мен эсселерді мәнерлеп оқып, шығармалардың мазмұны мен тағылымдық мәні туралы пікір алмасты. Жас қаламгерлердің шығармашылығымен танысып, олардың жетістіктерінен шабыт алды.







