«Жауырыны жерге тимеген батыр»
№12 кітапхана мен «Зерде» мектеп орталығы бірлесіп ұйымдастыруымен қазақтың дара перзенті, теңдессіз палуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 155 жылдығына арналған «Жауырыны жерге тимеген батыр» атты танымдық сағат өткізілді.
Шараның мақсаты – жастарға Қажымұқан Мұңайтпасовтың өнегелі өмір жолын насихаттау, отансүйгіштікке, қайсарлыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу және ұлттық спорттың тарихын таныту.
Шара барысында қатысушылар Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмірі мен спорттағы ерен жетістіктері туралы мағлұмат алып, қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионының тағылымды ғұмыр жолымен танысты. Батырдың ел рухын асқақтатқан ерлігі мен қайсар мінезі жайында пікір алмасып, тарихи деректерге негізделген қызықты мәліметтермен бөлісті.







