«Ертегі еліне саяхат»

 №18 кітапхана «Жазғы кітап» жобасы аясында «Нұрбесік» балабақшасының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Ертегі еліне саяхат» атты дауыстап оқу сағатын өткізді.
 Шараның мақсаты – бүлдіршіндерді кітап оқуға қызықтыру, «Қасқыр мен қозы», «Аю мен қоян», «Үш көбелек» ертегілерін дауыстап оқып, оларды ертегі әлеміне жетелеу, көтеріңкі көңіл күй сыйлау, тыңдалған ертегілердің мазмұнын түсініп, өз ойын еркін жеткізе білуге баулу. Сонымен қатар, кейіпкерлерді сипаттауға, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға және достыққа, адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу көзделді.
 Іс-шара барысында балалар ертегілерді қызығушылықпен тыңдап, сұрақтарға белсенді жауап беріп, кейіпкерлер туралы өз пікірлерін білдірді. Шара әсерлі өтіп, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 
09 шілде 2026 ж. 13

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам