» » «Ата Заң – елдің айбыны, еркіндігі, байлығы»

«Ата Заң – елдің айбыны, еркіндігі, байлығы»

 №13 балалар кітапханасында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына арналған «Ата Заң – елдің айбыны, еркіндігі, байлығы» атты библиографиялық шолу болып өтті. Шараға Тасбөгет кентіндегі Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.
 Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының егемендік пен тәуелсіздікті нығайтудағы, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы, қоғамдық келісім мен бірлікті сақтаудағы, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын арттырудағы маңызы жан-жақты түсіндірілді.
 Шара соңында оқушылар Мемлекеттік Әнұранды ерекше рухпен орындап, Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жетістіктерін айқындайтын Ата Заң тақырыбындағы құқықтық әдебиеттермен және мерзімді басылымдарда жарияланған танымдық материалдармен танысты.
 Шараның мақсаты – жас оқырмандарды Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәні мен маңызымен таныстыру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру, заңға құрметпен қарауға және азаматтық жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу. 
 
09 шілде 2026 ж. 11

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам