«Күй керуен»
№10 кітапханада қазақтың әйгілі күйші-композиторы Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл толуына орай «Күй керуен» атты өнер сағаты өтті.
Шара барысында оқырмандар Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығымен танысып, ұлттық күй өнерінің құндылығы туралы мағлұмат алды. Кітапхана оқырмандары Досымжан Айтмағанбет пен Қайрат Дінмұхамед күйшінің «Әсемқоңыз» және «Тойбастар» күйлерін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Сондай-ақ тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.







