«Сен өз құқығыңды білесің бе?»

 Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №8, №9 және №11 кітапханалардың ұйымдастыруымен «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында құқықтық танымдық тренинг өтті.
 Шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заңға құрмет пен құқықтық мәдениеттің маңызы туралы маңызды ақпарат алды. Ақсуат ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Нұрғали   Садирбаев пен статист маманы Ләззат Бодықова құқықтық сауаттылықтың қоғамдағы рөліне тоқталып, қатысушылармен пікір алмасты.
Тренингте өмірлік жағдаяттарға негізделген тапсырмалар орындалып, құқықтық сұрақтарға жауап берілді. Қатысушылар өз білімдерін ортаға салып, белсенділік танытты.
09 шілде 2026 ж. 8

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам