«Ата Заң – Азат елдің ар-намысы»
№2 балалар кітапханасында «Ата Заң – Азат елдің ар-намысы» атты кітап көрмесіне әдеби шолу болып өтті.
Іс-шараның мақсаты – жас оқырмандардың Конституция туралы танымын кеңейту, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Отанға деген сүйіспеншілігі мен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Шара барысында кітапхана қызметкерлері көрмеге қойылған әдебиеттерге шолу жасап, жаңа Конституция жобасында білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялардың мемлекеттің негізгі басым бағыттары ретінде айқындалғанын түсіндірді. Сондай-ақ бұл басымдықтардың адами капиталды дамытуға және еліміздің зияткерлік әлеуетін нығайтуға негіз болатыны жөнінде кеңінен әңгімеленді.
Іс-шара соңында оқырмандар кітап көрмесімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, құқықтық білімдерін толықтырды.







