«Кітаппен бірге өсеміз»
№13 балалар кітапханасында «Жазғы кітап» жобасы аясында «Кітаппен бірге өсеміз» атты кітапханаға саяхат ұйымдастырылды.
Шараға «Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және инновация академиясының №3 оқу ғимаратының «Жазғы Time» шығармашылық маусымының оқушылары мен жетекшісі Қапанова Гүлжібек Нәбиқызы қатысты.
Жас оқырмандар «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жыл таңдауы болған Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романымен және «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы», «100 кітап – Ұлт таңдауы», «Балаларға базарлық» атты кітап көрмелерімен танысты.
Балалар кітапхананы пайдалану ережелерімен, жүйелік және әліпбилік каталогтардың жұмысымен танысып, жаңа кітаптарды қызығушылықпен тамашалады. Сондай-ақ ертегілерді дауыстап оқып, өлеңдер жатқа айтып, белсенділік танытты.
Шараның мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау және кітапханаға жаңа оқырмандар тарту.







