«Менің елім – менің мақтанышым»
№6 кітапхана «Менің елім – менің мақтанышым» атты ақпарат сағатын өтті. Аталған шараға «Зейнеткерлерге жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жаңа Конституцияның қоғамдағы маңызы мен мәнін түсіндіру.
Шара барысында Конституцияның негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістер туралы кеңінен айтылды. Кездесу соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, құқықтық тақырыпта еркін ой бөлісті. Ата Заң – ел бірлігі мен тәуелсіздігінің берік кепілі!







