Рәміздерім – мақтанышым
№7 Қарауылтөбе ауылдық кітапханасы мектеп жанынан құрылған Айгөлек лагерінде «Рәміздерім – мақтанышым» танымдық кеш ұйымдастырды. Жас оқырмандар ақындардың өлеңдерін жатқа оқып, патриоттық әндер шырқалды. Мақсаты: жас оқырмандардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Оқырмандарды ұлтжандылыққа, елін, жерін сүюге, рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге баулу.








