«Жаңа кітап, жаңа сыр»
№7 кітапханада «Жаңа кітап, жаңа сыр» атты библиофреш ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – кітапхана қорына жаңадан келіп түскен әдебиеттерді насихаттап, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Іс-шара барысында оқырмандарға әртүрлі жанрдағы жаңа кітаптар таныстырылып, олардың мазмұны мен ерекшеліктері туралы ақпарат берілді. Келушілер өз қызығушылығына сай әдебиеттермен танысып, жаңадан түскен кітаптарды оқуға ынта білдірді.







