«Жастар және заң»
№19 кітапханада «Жастар және заң» атты танымдық сағаты ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты-Конституцияның қоғам өміріндегі орны мен маңызын түсіндіру,азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру,заң үстемдігін,адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру,жастардың ел тағдырына деген жауапкершілігін күшейту және азаматтық белсенділікті насихаттау. Шара барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы жайлы жазылған кітаптардан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде энциклопедия, анықтамалықтар мен жаңадан келіп түскен әдебиеттер, баспасөз беттеріне жазылған мақалалардан алынған тың деректер туралы ақпараттар берілді.Сондай-ақ Облыстық жастар ресурстық орталығы КММ-нің директоры Руслан Құрманов жастарға Жаңа конституция туралы пікірін айтып,Қызылорда облысы Полиция департаментінің өкілдері және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы ,PhD докторы Муйденова Алия Калжановна жастармен ашық диалог жасап қызу талқылау жасалды.







