«Күймен мың жылға сапар»
№5 кітапханада қазақтың күй өнерінің көрнекті өкілі,халық композиторы, күйші Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл толуына орай «Күймен мың жылға сапар» викториналық ойын өткізілді.
Шараның мақсаты – Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, қазақтың дәстүрлі күй өнерін дәріптеу, ұлттық мәдени мұраға деген құрметті қалыптастыру. Викторина барысында қатысушылар күй өнерінің тарихы,
Дина Нұрпейісованың өмір жолы мен күйлері, қазақтың әйгілі күйшілері туралы білімдерін саралады. Іс-шара жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып,
халқымыздың рухани құндылықтарын тереңірек тануға мүмкіндік береді.







