«Жүзден жүйрік»
17 маусым күні «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицей жанынан құрылған «Ақкөгершін» күндізгі тынығу лагері тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Жүзден жүйрік» атты көңілді эстафеталық сайыс өткізілді. Шараға лагерьдің «Жалын», «Самғау», «Толқын» топтарының балалары және тәрбиешілер Әлиева Ғалия, Нұрғазықызы Мира, Мырзағұл Жанат, Күздікен Сәуле, Піржан Гүлмира, Жұмат Ақмарал қатысты.
Сайыс барысында балалар түрлі көңілді эстафеталық жарыстарға қатысып, шапшаңдықтарын, ептіліктерін, ұйымшылдықтарын және тапқырлықтарын көрсетті. Сонымен қатар дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Серікбайұлы Самат балалармен спорттық ойын түрлерін ұйымдастырып, доппен жарысу, кедергілерден өту, секіртпемен секіру, жүгіру эстафетасы, нысанаға дәл тигізу сияқты қызықты ойындар ойнатты. Балалар жарыстарға белсене қатысып, бір-біріне қолдау көрсетіп, көтеріңкі көңіл күйде өздерінің спорттық қабілеттерін танытты.
Мақсаты: балалардың дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру, спортқа баулу, шапшаңдық, ептілік, ұйымшылдық қасиеттерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, достық пен ынтымақтастыққа тәрбиелеу.







