«Жүректен жүрекке – мейірім сыйла»
№12 кітапхана «Жүректен жүрекке – мейірім сыйла» атты қайырымдылық шарасы аясында мүмкіндігі шектеулі баламен кітап оқу сағатын өтті.
Шараның мақсаты – баланың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, мейірім мен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу, қамқорлық пен адамгершілік қасиеттерін насихаттау.
Іс-шара барысында балаға қызықты кітаптар дауыстап оқылып, шығармалар бойынша еркін пікір алмасу ұйымдастырылды. Жылы қарым-қатынас пен көтеріңкі көңіл күй сыйлаған бұл кездесу баланың жүрегіне қуаныш ұялатты.







